«Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» дөңгелек үстел
СЫЙЫНАР ЕМ, АНА ДЕГЕН ТӘҢІРГЕ...
«Болмасын әйел назалы,
Болмасын әйел жазалы.
Кеудесін қаққан талайдың,
Әйелден болған ажалы!»
Жүрсін ЕРМАН
7-наурыз күні облыстық кітапханасы конференц залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға: көпбалалы ана, ағылшын, неміс тілі маманы, блогер Нәреш Неождана Күмісбекқызы; көпбалалы ана, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Қаржаубаева Гүлдәурен Аманқұловна; Маңғыстау өнер колледжінің қобыз пәні оқытушысы, Абыл Тарақұлы атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің әртісі Кемелбекова Жұпар Ерсайынқызы; ҚР Мәдениет саласының үздігі, Маңғыстау өнер колледжінің «Домбырамен ән салу» пәнінің оқытушысы Ерімбетова Ақмарал Тастанбековна сынды майталман өнерпаз да, отбасының ұйытқысы да болып жүрген аналар келді.
Қонақтар іс-шараға қатысқан оқырмандарға, студенттерге, оқушыларға өмірден түйген тәлім-тәрбие, өнер жолындағы жанкешті еңбек туралы тағылымды әңгіме айтты. Сонымен бірге, әйелдер мерекемен арнайы құттықтай келген жас өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты. Күміс көмей әнші А.Ерімбетова көрермендердің сұрауымен «Әдемі қыз» әнін әуелете шырқап берді.
Кездесу кешіне келген барша қонақтарға, көрермендерге алғыс айтамыз!
Барша әйелдер қауымына жұмысына табыс, отбасына амандық тілейміз!
Маңғыстаудың төл телеарнасынның «Төрлетіңіз» бағдарламасындағы тікелей эфирге ...
Қазақта тұсаукесер – ақ жолдың, жақсы бастаманың белгісі. Бүгін облыстық ...
10 тамыз – Абай күніне орай Маңғыстау облыстық кітапханасында «Абай мұрасы – ұлт ...
6-тамыз күні облыстық кітапханасының конференц залында Қазақстан ...
«Ертегілер еліне саяхат» атты әдеби іс-шара балаларды халық ауыз әдебиетінің бір ...
Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлім қызметкерлерінің ...
16-шілде күні Маңғыстау облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде ...
Облыстық кітапхана қызметкерлері Жаңаөзен қалалық орталық кітапхана мен ...
«Бір ел–бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл оқуға ұсынылған Қабдеш ...

























