Дәстүрлі дойбыдан және шоудаун жарысы өткізілді
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Маңғыстау облыстық Қазақ Зағиптар қоғамымы мен Зағип жандарға арналған кітапхана филиалы бірлесіп зағип және нашар көретін оқырмандар арасында дәстүрлі дойбыдан және шоудаун жарысы өткізілді. Шараның басты мақсаты – ерекше жандардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және мерекелік көңіл-күй сыйлау болды.
Жарыс барысында қатысушылар ептілік пен шапшаңдық танытып, ойынға деген қызығушылықтарын көрсетті. Шоудаун ойыны зағип жандардың есту, сезіну және жылдам шешім қабылдау қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді. Қатысушылар бір-біріне құрмет көрсетіп, достық атмосферада тартысты ойын көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша үздік ойыншылар марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс білдірілді. Дойбыдан кітапханамыздың қоғамдық қызметкері Ыбыраев Қуаныш ерлер арасында І орынды иеленді. Мерекелік шара оқырмандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды.
6 мамыр күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде ҚР Парламенті Сенатының “Senat Open” ашық біріншілігі аясында Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі саласы қызметкерлері арасында іріктеу турнирі өтті.
Турнир барысында қатысушылар өзара бақ сынап, жоғары дайындық пен табандылық көрсетті. Кітапхана қызметкері Саида Кусаинова мен Ыбыраев Қуаныш жарысқа белсенді қатысып, шебер ойын көрсетті. Алайда, өкінішке орай ½ финалға өте алмай қалды. Бұл жолы келесі кезеңге өте алмағанымен, әр жарыс – үлкен тәжірибе мен жаңа белеске бастар қадам екені сөзсіз.
Осындай додаға қатысудың өзі — батылдық пен ізденістің белгісі. Алдағы уақытта биік жетістіктер мен жарқын жеңістерге жете беруіне тілектеспіз. Қатысушыға сәттілік пен жаңа жеңістер серік болсын!
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасына жеке автордан ...
"Ауыл" Халықтық-Демократиялық Патриоттық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ...
Мемлекет тарихы институты 2012 жылдан бастап «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
"Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама" Маңғыстау "Мейірбике" медициналық ...
Мемлекеттік шекара қызметінің 25-жылдығына жасөспірімдер бөлімі Ақтау ...
28 маусым күні "Крал" мейрамханасында 6-шілде Астана күніне орай І Облыстық ...
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасына сәйкес ...
16 маусым күні ұстаз Ордалы Қосайдың "Кешені көрсін бүгінгі" атты оқырмандар ...























