• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында

27 қараша күні  облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған «Тәкен прозасының тереңдігі» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өтті. Шара барысында жазушы шығармашылығы жайлы мәліметтер айтылып, қысқаша бейнеролик көрсетілді. №12 мектеп оқушыларынан құралған шығармашылық топ автордың «Махаббат күйігі» тақырыбындағы әңгімесі желісімен әдеби көрініс сахналады. Сонымен қоса, оқушылар белсенділіктерін танытып Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» шығармасын талдады. Әңгімедегі кейіпкерлер портреті, шығарма идеясы, көркемдік сипаты сынды сұрақтарға жауап іздеді. Және де жазушының өзіндің жазу стилі жайлы да сөз қозғалды. Шараға Ақтау қаласының №12 мектеп 8-9, №22 мектеп 9 сынып және №18 мектеп 10 сынып оқушылары, мұғалімдері, кітапханашылары белсене қатысты. Шара соңында белсенді қатысқан оқушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. «Әлімқұлов әлемі: ой мен образ» атты арнайы жасақталған көрме таныстырылды. 

Шараның мақсаты: Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныту, оның прозасындағы ұлттық болмыс, көркемдік ерекшелік, адам характерін ашудағы шеберлігін талдау. Оқырмандардың әдеби талдау қабілетін дамыту және жазушы шығармаларына деген қызығушылығын арттыру. 




Маңғыстаудың төл телеарнасынның «Төрлетіңіз» бағдарламасындағы тікелей эфирге ...

Жаңалыққа өту  

Қазақта тұсаукесер – ақ жолдың, жақсы бастаманың белгісі. Бүгін облыстық ...

Жаңалыққа өту  

10 тамыз – Абай күніне орай Маңғыстау облыстық кітапханасында «Абай мұрасы – ұлт ...

Жаңалыққа өту  

6-тамыз күні облыстық кітапханасының конференц залында Қазақстан ...

Жаңалыққа өту  

«Ертегілер еліне саяхат» атты әдеби іс-шара балаларды халық ауыз әдебиетінің бір ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлім қызметкерлерінің ...

Жаңалыққа өту  

16-шілде күні Маңғыстау облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде  ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапхана қызметкерлері Жаңаөзен қалалық орталық кітапхана мен ...

Жаңалыққа өту  

«Бір ел–бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл оқуға ұсынылған Қабдеш ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу