• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Quiz game» өткізілді

Маңғыстау креатив алаңында 2026 жылғы 16 қаңтар күні Облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен әдіскерлерге арналған облыстық деңгейдегі зияткерлік іс-шара — «Quiz game» өткізілді. Аталған шара кәсіби әдіскерлердің білім деңгейін арттыру, зияткерлік әлеуетін дамыту және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Облыстың әр өңірінен жиналған әдіскерлер белсенді түрде қатысып, жалпы 45–50 адам қамтылды. Қатысушылар бірнеше командаға бөлініп, зияткерлік ойын кезеңдеріне қатысты.

Бағдарлама барысында қатысушылардың кәсіби білімі, логикалық ойлау қабілеті, жылдам шешім қабылдау дағдылары және командалық жұмыс істеу қабілеті сынға түсті. Сұрақтар әдістемелік жұмыс, мәдениет саласы, жалпы білім және логикалық тапсырмалар бағытында әзірленіп, ойын мазмұны тартымды әрі мазмұнды болды.

Аталған облыстық «Quiz game» іс-шарасы ұйымдастырушылық және мазмұндық тұрғыдан жоғары деңгейде өткізіліп, қойылған мақсаттар мен міндеттер толық орындалды. Шара әдіскерлердің кәсіби дамуына оң әсерін тигізіп, қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.

 



КІТАПХАНА КЛУБТАРЫ МЕН ҮЙІРМЕЛЕРІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ! «Бастау» дамушы ортасы.  ...

Жаңалыққа өту  

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында, ...

Жаңалыққа өту  

Биылғы жылдың 1 сәуір күні Ақтау қаласы 11 шағын аудан 16 үйде №2 қалалық балалар ...

Жаңалыққа өту  

Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер ...

Жаңалыққа өту  

20-мамыр күні Маңғыстау облыстық  кітапханасының Техникалық әдебиет бөлімінде ...

Жаңалыққа өту  

Мамыр айының 15-16 күндері Ақтау қаласында тұңғыш рет қала қонақтары мен ...

Жаңалыққа өту  

2026 жылдың І тоқсанында Маңғыстау облыстық кітапханасының ...

Жаңалыққа өту  

Техникалық әдебиеттер бөлімінде 24-сәуір күні Геолог күніне  орай  «Геологиялық  ...

Жаңалыққа өту  

"Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында әр жыл сайын бір көрнекті ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастырумен 14 ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу