• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН".

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН".

Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы Өлкетану залында Өлкенің ақын қызы Балдай Көшкінқызына арналған танымдық сағат өткізілді. Бес жаста сабақ көрдім әріп танып. Тоғызда үмбет болдым Құран алып, Он үште қыздың құрып салтанатын Шеріттім домбыраны тыңқылдатып. Он үште көмейіме сөз құйылды Бағымды сынап көрдім тойға барып, "Ақын" деп он төртімде ел таныды Жиында шыққаннан соң топты жарып. Он төртте ел таныған болдым Балдай. Бұлбұлдай сұңқылдаған тіл мен таңдай Ақ маңдай, алма мойын, сұлу мүсін Жайнаған екі көзім жаққан шамдай. Деп жырлап кеткен Балдай Көшкінқызы Маңғыстау топырағында туған. Жасы 18 келіп, айттырулы жеріне ұзатылып кеткенге дейін Ұсақ, Қиян, Шорым жерлерін мекен еткен ауылда өскен. Балдай бес жасында ауыл молдасынан дәріс алып ескіше діни сауаттанып, 9 жасында Құранды меңгеріп, 13 жасынан бастап өлең - сөз шығару қабілеті болған. Осы мезгілде Батыс Қазақстан аймағына атақ - даңқы жайыла бастаған Абыл Тілеуұлымен сөз қағыстырған. Абыл айтысқандарын баудай түсіріп жүрсе де, Балдай қызды жеңе алмапты. Үш жүздің талай жүйрік майталманы Жеңіліп кейін қайтты Абылдардай Абыл да жеті дүркін жерге қарап Кеткен ді қызыл тілге шыдай алмай" деп жырлап өтіпті апамыз. Қазіргі және келешек ұрпақ біздің Маңғыстау топырағында осындай аяулы да айтқыр апаларымыздың болғанын білсін деген ниетпен өткізілген іс - шараның бүгінгі қатысушылары Маңғыстау облысының аудандарының мектеп кітапханашылары. 



Маңғыстаудың төл телеарнасынның «Төрлетіңіз» бағдарламасындағы тікелей эфирге ...

Жаңалыққа өту  

Қазақта тұсаукесер – ақ жолдың, жақсы бастаманың белгісі. Бүгін облыстық ...

Жаңалыққа өту  

10 тамыз – Абай күніне орай Маңғыстау облыстық кітапханасында «Абай мұрасы – ұлт ...

Жаңалыққа өту  

6-тамыз күні облыстық кітапханасының конференц залында Қазақстан ...

Жаңалыққа өту  

«Ертегілер еліне саяхат» атты әдеби іс-шара балаларды халық ауыз әдебиетінің бір ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлім қызметкерлерінің ...

Жаңалыққа өту  

16-шілде күні Маңғыстау облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде  ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапхана қызметкерлері Жаңаөзен қалалық орталық кітапхана мен ...

Жаңалыққа өту  

«Бір ел–бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл оқуға ұсынылған Қабдеш ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу