• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Халықаралық балалар кітабы апталығы аясында

Биылғы жылдың 1 сәуір күні Ақтау қаласы 11 шағын аудан 16 үйде №2 қалалық балалар кітапханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Айрықша маңызға ие мәдени шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп, белгілі сатирик-жазушы, сазгер Ерекен Қорабаев, балалар ақыны әрі композитор Көмек Ыбырайұлы, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен жас оқырмандар қатысты.

Іс-шара барысында мектеп оқушылары өнерлерін ортаға салып, күй тартып, көркемсөз оқу арқылы өз шеберліктерін паш етті. Жас дарындардың өнері қонақтарға ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды. Кітапхана қонақтары үшін арнайы ұйымдастырылған «Бір ел–бір кітап», «Жаңа кітаптар», «Мерейтой иелері», «Маңғыстау - дала рухының мекені», «Қазақстан – тарих пен тағылым» атты кітап көрмелері таныстырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Балалар кітапханасының кеңістігі толық жабдықталған. Мұнда балаларға арналған оқу залы, шығармашылық және танымдық іс-шаралар өткізуге арналған кеңістік, сондай-ақ ата-аналарға арналған арнайы бұрыш қарастырылған. 

Жаңа кітапхана филиалының ашылуы балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға кең мүмкіндік береді.




11 қыркүйек - Отбасы күні аясында «Бақыт кілті – отбасында» атты сайыс ...

Жаңалыққа өту  

2025 жылдың қыркүйек айында облыстық кітапханасының Маңғыстау Креатив алаңы ...

Жаңалыққа өту  

   Облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттері залында  шілде, тамыз және ...

Жаңалыққа өту  

2025 жылдың тамыз айы Маңғыстау креатив алаңы үшін ерекше белсенділікпен өтті. ...

Жаңалыққа өту  

2025 жылдың шілде айында Маңғыстау креатив алаңы қоғамдық белсенділер мен ...

Жаңалыққа өту  

24-қыркүйек күні Маңғыстау облыс кітапханаларында «KitapTime – 2025» республикалық ...

Жаңалыққа өту  

16-қыркүйек  күні  облыстық кітапханасының арнаулы кітапхана филиалының кітап ...

Жаңалыққа өту  

14,19,21 тамыз  күндері облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінде  «Кітап ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың басшысы Айтуарова Зауре Жаншақызы Шымкент қаласында ...

Жаңалыққа өту  

"Library GO!" жобасы бастау алды!  "Library GO!" жобасының мақсаты 1-курс студенттерін ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу