• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

"Шәкәрім оқулары" республикалық байқау 2026

Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау, қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, Шәкәрім шығармашылығындағы эстетикалық тағылым мен тұлғалық қасиеттерді, адами құндылықтарды насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында жыл сайын республикалық байқау өтіп жатыр. Маңғыстау кітапханаларының оқырмандары да осы байқауға белсене қатысуда. 

Сәуір айында  Маңғыстау облыстық кітапханасында өткізілген "Шәкәрім оқулары" байқауына Ақтау қаласындағы "Квант мектебі", Ахмет Байтұрсынов атындағы №28 жалпы білім беретін мектебі, Ақтау мен Жаңа Өзен қаласы, Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы аудандарының орта мектептерінің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Байқау  үш кезең бойынша өткізілді. Бірінші «Талап» іріктеу кезеңінде байқауға қатысушылар Шәкәрімнің 20 өлеңінің жатқа айтты. «Білім» деп аталатын екінші кезеңі ақынның өмірімен шығармашылығына арналған сұрақ-жауапқа арналды, ал қорытынды «Таза ақыл» үнінші кезеіңі талапкерлердің ой-өрісін, таным деңгейін анықтауға арналды. Бұл кезеңде  әр талапкерге жеребе арқылы Шәкәрімнің өлеңі беріліп, соған талдау жасады. Яғни өлеңнің немесе берілген шумақтың мәнін, мағынасын түсіндіреді. Бұл өлеңдер немесе өлеңнен үзінділер жаттауға берілген тізімдегі өлеңдерден алынады. Сонымен қатар, қатысушы ақын шығармашылығында жиі кездесетін ұғымдарды (мысалы: «ынсап», «рахым», «ындын», «таза ақыл» сияқты т.б. сөздер) түсіндірді. 

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде - Ақтау қаласы №9 кітапхана филиалының тұрақты оқырманы Болат Айназым, 1 орын - Қарақия аудандық  №4 жалпы білім беретін орта  мектептің 7-сынып оқушысы Қожамұрат Гүлзат, 2-орын - Мұнайлы ауданы  “Қызылтөбе лицейі” КММ 7 а сынып оқушысы Қалдыбай Мадияр Рустемұлы.

3-орынға  Түпқараған ауданы  Ақшұқыр мектеп-гимназиясы 6 «А» сынып Құлынтай Меңтай иеленді. Байқауға қатысушылар диплом, бағалы сыйлықтармен және ұстаздары алғыс хаттармен марапатталды. Сайыстың сәнік келтіріп әсем әнді Ахмет Байтұрсынов атындағы №28 жалпы білім беретін мектебінің 9 «Ғ» сыныбы оқушысы Болат Кәусәр орындады.

Ынталандыру: Маңғыстау ауданы, Өтес кітапханансының тұрақты оқырманы Тлеубаев Жандарбек Ануарбекұлы, Бейнеу ауданы  Қалдығараев мектебі 8 «А» сынып Таңбай Нұрай, Жаңаөзен қалалық №18 жалпы білім беретін мектебінің 7 «Б» сыныбының оқушысы Құралбай Қаршыға.





4 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Естелік кітап" ...

Жаңалыққа өту  

Өнер әдебиеттері бөлімінде ҚР еңбегі сіңген сәулетші, Шығыс елдері халықаралық ...

Жаңалыққа өту  

Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын ...

Жаңалыққа өту  

23- сәуір Бүкіләлемдік кітап мерекесі. Бұл күні авторлармен кездесіп жыр кешін ...

Жаңалыққа өту  

Наурыз айында  анықтама-библиографиялық бөлімі 9-шы шағын ауданда орналасқан, ...

Жаңалыққа өту  

 14 сəуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық əмбебап ...

Жаңалыққа өту  

14 сәуірде Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасына ...

Жаңалыққа өту  

13 сәуір күні  Қ. Сыдиықов  атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы ...

Жаңалыққа өту  

Әнші Әміре Қашаубайұлының өмірі мен творчестволық жолына арналған ...

Жаңалыққа өту  

Бір аптаға созылған балалар кітабы апталығының бүгін қорытынды шарасы өтті. ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу