• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Ұлт қасіреті – ұмытылмас тарих»

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында, Маңғыстау облыстық кітапханада «Ұлт қасіреті – ұмытылмас тарих» атты тарихи сағат ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – ХХ ғасырдағы ел басына түскен зұлмат жылдардың тарихи ақиқатын насихаттау, саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының рухына тағзым ету, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу болды.

Шараға Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатысты.Тарихи сағат барысында Қазақстан аумағындағы тұтқындар лагерьлері, олардың зардаптары мен жазықсыз жапа шеккен азаматтардың тағдыры туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар Маңғыстау өңірінен қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабалар жайында деректер айтылып, олардың ел тарихындағы орны мен тағдыры таныстырылды.

Іс-шара аясында ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін тақырыбындағы 10 маңызды еңбек көпшілік назарына ұсынылып, кітаптарға библиографиялық шолу жасалды. Қатысушылар тарихи әдебиеттермен танысып, нәубет жылдарының халық тағдырына тигізген зардабы жөнінде мағлұмат алды. Қатысты: 33 адам. Қатысушылар: Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері

https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DY4YS8joGXR/

 



Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - ...

Жаңалыққа өту  

Арнаулы бөліміндегі шара. ...

Жаңалыққа өту  

...

Жаңалыққа өту  

15 қыркүйек күні балалар бөлімінін кітапханашысы Сағызбаева І. №9 орта мектебінің ...

Жаңалыққа өту  

15 қыркүйек күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 22 ...

Жаңалыққа өту  

Жаппай кітап оқу  азайып кеткен қазіргі заманда  «буккроссинг» қоз­ғалысын ...

Жаңалыққа өту  

18 тамыз күні өнер бөлімінің үйымдастырумен Қазақстанның халық артисі, биші   ...

Жаңалыққа өту  

Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i litteratur) — жыл сайын әдебиет ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің  өнер секторында «Өнер өріндегі өр ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу