"Шәкәрім оқулары" республикалық байқау 2026
Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау, қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, Шәкәрім шығармашылығындағы эстетикалық тағылым мен тұлғалық қасиеттерді, адами құндылықтарды насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында жыл сайын республикалық байқау өтіп жатыр. Маңғыстау кітапханаларының оқырмандары да осы байқауға белсене қатысуда.
Сәуір айында Маңғыстау облыстық кітапханасында өткізілген "Шәкәрім оқулары" байқауына Ақтау қаласындағы "Квант мектебі", Ахмет Байтұрсынов атындағы №28 жалпы білім беретін мектебі, Ақтау мен Жаңа Өзен қаласы, Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы аудандарының орта мектептерінің оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Байқау үш кезең бойынша өткізілді. Бірінші «Талап» іріктеу кезеңінде байқауға қатысушылар Шәкәрімнің 20 өлеңінің жатқа айтты. «Білім» деп аталатын екінші кезеңі ақынның өмірімен шығармашылығына арналған сұрақ-жауапқа арналды, ал қорытынды «Таза ақыл» үнінші кезеіңі талапкерлердің ой-өрісін, таным деңгейін анықтауға арналды. Бұл кезеңде әр талапкерге жеребе арқылы Шәкәрімнің өлеңі беріліп, соған талдау жасады. Яғни өлеңнің немесе берілген шумақтың мәнін, мағынасын түсіндіреді. Бұл өлеңдер немесе өлеңнен үзінділер жаттауға берілген тізімдегі өлеңдерден алынады. Сонымен қатар, қатысушы ақын шығармашылығында жиі кездесетін ұғымдарды (мысалы: «ынсап», «рахым», «ындын», «таза ақыл» сияқты т.б. сөздер) түсіндірді.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде - Ақтау қаласы №9 кітапхана филиалының тұрақты оқырманы Болат Айназым, 1 орын - Қарақия аудандық №4 жалпы білім беретін орта мектептің 7-сынып оқушысы Қожамұрат Гүлзат, 2-орын - Мұнайлы ауданы “Қызылтөбе лицейі” КММ 7 а сынып оқушысы Қалдыбай Мадияр Рустемұлы.
3-орынға Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-гимназиясы 6 «А» сынып Құлынтай Меңтай иеленді. Байқауға қатысушылар диплом, бағалы сыйлықтармен және ұстаздары алғыс хаттармен марапатталды. Сайыстың сәнік келтіріп әсем әнді Ахмет Байтұрсынов атындағы №28 жалпы білім беретін мектебінің 9 «Ғ» сыныбы оқушысы Болат Кәусәр орындады.
Ынталандыру: Маңғыстау ауданы, Өтес кітапханансының тұрақты оқырманы Тлеубаев Жандарбек Ануарбекұлы, Бейнеу ауданы Қалдығараев мектебі 8 «А» сынып Таңбай Нұрай, Жаңаөзен қалалық №18 жалпы білім беретін мектебінің 7 «Б» сыныбының оқушысы Құралбай Қаршыға.
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - ...
Арнаулы бөліміндегі шара. ...
15 қыркүйек күні балалар бөлімінін кітапханашысы Сағызбаева І. №9 орта мектебінің ...
15 қыркүйек күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 22 ...
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын ...
18 тамыз күні өнер бөлімінің үйымдастырумен Қазақстанның халық артисі, биші ...
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i litteratur) — жыл сайын әдебиет ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторында «Өнер өріндегі өр ...





















