1-маусым - Балаларды қорғау күні
Облыстық кітапханасының балалар бөлімі 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік шарасын өткізді. Шараны өткізудегі мақсат: балаларға мерекеде керемет көңіл күй сыйлау, ата- ана ықыласына бөлену. Мерекелік шараға қала тұрғындары, тұрақты оқырмандар, «N35 Балдырған», «N 59 С. Шапағатов атындағы» бөбекжай бүлдіршіндері, «И. Сүйеубаев атындағы N 8 жббм» оқушылары қатысты. Шараға қатысқан балалар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі. Кітапханашылар ертегі желісі бойынша қызықты викторина өткізіп, ойындар ойнатылды.
Мерекеге келген барлық балаларға ұжымның атынан керемет сыйлықтар, тәттілер үлестірілді. Балаларды дайындаған ұстаздар мен тәрбиешілер алғыс хаттармен марапатталды. Балаларға кітап көрмесі таныстырылды.
Мереке құтты болсын, қымбатты оқырман!
Ұлттық кітап күні аясында Маңғыстау облыс кітапханаларында түрлі іс-шаралар ...
Бүгін, 23 сәуір - Ұлттық кітап күніне және Кітапханашылар күніне орай Қабиболла ...
2025 жылдың желтоқсан айында Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық ...
4-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Түркі ғылыми мифологиясының ...
Өлкеміздің жыршы, домбырашысы Әлқуат Қожабергенұлының 115 жылдығына орай «Қолыма ...
Бүгін, 16 сәуір күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай ...
Биылғы жылдың І тоқсанында Маңғыстау облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттер ...
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «2026 жылды ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының Оқу залы қазақ халқының тұңғыш ...
Абонемент секторының «Ваш топ 5» орыс тілді клуб мүшелерімен дөңгелек үстел ...

























