• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2026 ЖЫЛҒЫ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ИДЕОЛОГИЯСЫН ІЛГЕРІЛЕТУ БОЙЫНША заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру, балалар мен жастарды «Адал азамат» принциптеріне, мәдени ерекшеліктері мен дәстүрлеріне сәйкес тәрбиелеу стандарттарын  енгізу және құндылықтық тәрбиені жүзеге асыру мақсатымен Маңғыстау облыстық кітапханасында:

17 ақпан күні кітапхана қабырғасында колледж студенттерімен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті. Кездесу барысында мамандар құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде ақпарат беріп, ZOOM байланысы арқылы түзету мекемесімен сұхбат ұйымдастырылды. Бұл жастарға бостандықтың қадірін түсініп, саналы таңдау жасауға ой салды.

9 сәуір күні заң қызметкерлерінің қатысуымен «Менің құқығым, менің міндетім» тақырыбында тәрбиелік шара өткізілді. Аталған шараға №43 мекемесі бастығының орынбасары Шабиков Азат Аманқұлұлы, №43 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы Ақпанбет Азатбек Болатбекұлы, ҚАЖД баспасөз хатшысы Рахметова Айғаным Мұхтарқызы қатысып, оқушылармен мазмұнды кездесу өткізді.

Шара барысында оқушыларға құқықтық тақырыптарда ситуациялық сұрақтар қойылып, олар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі түсінікті жауаптар алды.

Кездесу аясында құқықтық тақырыптағы көрме таныстырылып, заң талаптары мен азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттар қолжетімді әрі түсінікті түрде ұсынылды. Шара өте жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, еркін форматта пікір алмасты.

30 мамыр күні «Менің құқығым – менің міндетім» атты көрме жаңа оқырмандарға таныстырылды. Көрме арқылы қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған әдебиеттермен танысып, азаматтық құқықтар мен міндеттер туралы қосымша мәлімет алды.  

27 маусым күні  «Сен заңды білесің бе?» атты танымдық-құқықтық іс-шара өткізілді. Шара барысында қатысушыларға әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану, жалған ақпараттан сақтану, интернеттегі құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар құқықтық викторина ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Іс-шараның мақсаты: жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру, киберқауіпсіздік туралы ақпарат беру және заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу.

17 шілдеде «Конституцияны бірге оқимыз: дауыстап оқу» атты іс-шара ұйымдастырылды.  Іс-шара барысында кітапханашы Н. Акенеева Қазақстан Республикасы Конституциясының еліміздің негізгі Заңы екендігін, оның азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын басты құқықтық құжат екенін түсіндірді. Қатысушылар Конституцияның таңдап алынған баптарын кезекпен дауыстап оқып, олардың мазмұны бойынша пікір алмасты. Талқылау барысында заң талаптарын сақтау, Отанға құрметпен қарау, азаматтық жауапкершілік және құқықтық мәдениет тақырыптары қозғалды. Сонымен қатар қатысушылар «Қазақтың Ата Заңдары» атты тақырыптық кітап көрмесімен танысты. 

Шараның мақсаты — қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, заңды құрметтеу, Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық мәдениетті арттыру. 

23 шілде күні  Жасөспірім бөлімінде «Менің құқығым – менің міндетім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасағының жастарына  таныстырылды. Көрмеге Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдар жинақтары, құқықтық тәрбиеге арналған кітаптар, анықтамалықтар мен мерзімді басылымдар қойылды. Оқырмандарға көрмедегі әдебиеттер таныстырылып, олардың мазмұны мен қоғамдық маңызы жөнінде ақпарат берілді. Қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастырудың қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасып, құқықтық білімдерін толықтырды.

Шараның мақсаты: Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын насихаттау, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, сондай-ақ құқықтық әдебиеттерге деген қызығушылықтарын арттыру.





17.11.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет ...

Жаңалыққа өту  

16-қазан күні облыстық кітапханасының конференц залында Қазақстан ...

Жаңалыққа өту  

2023 жылғы 12 қазанда, Ақтау қаласында  Достық үйінде  Қ. Сыдиықұлы атындағы ...

Жаңалыққа өту  

26.09.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін кітапханамызда «KitapTime - 2023» жалпы республикалық кітап фестивалі облыстық ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін облыстық кітапханаға қазақ эпосының белгілі зерттеушісі, аудармашы ...

Жаңалыққа өту  

Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы және ҚР Сыбайлас ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін елімізде Абай күні аталып өтеді.  Еске салайық, 2020 жылдың 4 тамызында ...

Жаңалыққа өту  

Биыл Алаш жұртының әйгілі перзенті, ғұлама ғалым, ақын, фольклоршы Мәшһүр Жүсіп ...

Жаңалыққа өту  

6-шілде -  Елордамыздың туған күніне орай оқырмандарға қызмет көрсету ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу