Маңғыстаудың төл тумасы
Маңғыстаудың төл тумасы, өз заманының көрнекті тұлғасы, Бейнеу ауданын алғаш басқарған басшылардың бірі- Дүйсембі Әріпов ағамыз биылғы қаңтар айында 85 жасқа толды. Оқырмандарға ағаның еңбек жолы, өнегелі істері Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында шараға қатысқан оқырмандарға жіліктеп жеткізілді. Қызмет барысында еліміздің көрнекті тұлғаларымен кездескені, заманның заңғары Әбіш Кекілбаевтың ұстазы болғандығы, кадрлық қамқорлығы, Республика бойынша алдыңғы аудандар қатарында қызмет атқарғаны бәрі-бәрі жастарға сабақ ретінде айтылды. Оқырмандар өз кезегінде мерейтой иесіне арналған өлеңдер оқып, өнерлерін көрсетті. Қолынан қаламы түспеген Дүйсембі ағаның жады әлі мықты, көрген-білгендерін кейінгі ұрпаққа даналық кітап етіп қалдыру үстінде. Жақында жаңа кітаптарының тұсауы кесілмекші. Айтары көп ағамызға Алланың берген ғұмырын жасай беріңіз деп зор денсаулық тілейміз!
Маңғыстаудың төл телеарнасынның «Төрлетіңіз» бағдарламасындағы тікелей эфирге ...
Қазақта тұсаукесер – ақ жолдың, жақсы бастаманың белгісі. Бүгін облыстық ...
10 тамыз – Абай күніне орай Маңғыстау облыстық кітапханасында «Абай мұрасы – ұлт ...
6-тамыз күні облыстық кітапханасының конференц залында Қазақстан ...
«Ертегілер еліне саяхат» атты әдеби іс-шара балаларды халық ауыз әдебиетінің бір ...
Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Көзі көрмейтін және нашар көретін ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлім қызметкерлерінің ...
16-шілде күні Маңғыстау облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде ...
Облыстық кітапхана қызметкерлері Жаңаөзен қалалық орталық кітапхана мен ...
«Бір ел–бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл оқуға ұсынылған Қабдеш ...

























